Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

2024 жыл кебісе жыл саналса да көпшілік үшін айтарлықтай оң өзгерістерге, қызықты оқиғаларға, күтпеген кездесулер мен үлкен мүмкіндіктерге толы болмақ. Келер жылдың басты ережесі – өзіңізге сену, айқын мақсат қойып, оның жолында әрекет ету. Stan.kz тілшісі астрологпен тілдесіп, “Не себепті 2024 жылы үйленіп, тұрмыс құруға болмайды?” деген сауалға жауап іздеп көрді. 

Жұлдыз жорамалға сенсек, жыл басы тыныш болады. Бастаған істерді аяқтауға, маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Астрологтар 2024 жылы көптен бері ойлаған, бірақ бастай алмай жүрген ісіңізді еш ойланбастан қолға алуға кеңес береді. Сондай-ақ 2024 жылдың басы қарым-қатынастағы жұптар үшін өте маңызды. Ғашықтардың арасында сенім нығайып, өкпе-реніш пен айтылмай қалған сөздер өткен жылда қалады. Жұлдызнамашылардың айтуынша, ұзақ уақыт сезімін жасырып жүрген жандар батыл қадам жасайтын сәт келгенін түсенеді. 

2024 жылдың ортасы кәсіпкерлер, өз ісін дамытқысы келетіндер және кәсіп бастағалы жүрген жандар үшін табысты болмақ. Сол себепті бұл серіктестер мен инвесторлар іздеу үшін ең қолайлы уақыт деп саналады.

Келер жылы жұлдыз белгілерінің өмірінде қандай оқиғалар мен өзгерістер болады?  Астролог әр жұлдыз белгісіне жеке-жеке тоқталып, 2024 жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынды.

ТОҚТЫ (21.03 – 19.04)

2024 жыл тоқтылар үшін қызыққа толы болмақ. Бәлкім кей мәселелер оңай шешіле қоймауы мүмкін. Алайда қиындыққа мойымай, қайсарлық танытсаңыз мақсатыңызға жетесіз. Жыл басы күтпеген оқиғалармен есте қалмақ. Одан сабақ алсаңыз тәжірибеңізді өмірде талай мәрте пайдаға асырасыз. Араласатын ортаңыз кеңейіп, көптеген адамдармен танысасыз. Бұл іскерлік тұрғыдан пайдалы болады.

Жеке өміріңізде күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Бастапқыда бұл қарым-қатынас сізді уайымға салар. Бірақ уақыт өте жұбыңызбен араңыз жақсарып келе жатқанына көз жеткізесіз. Жалпы 2024 жыл жаңа романтикалық қарым-қатынастарды бастауға немесе ара қатынасты нығайтуға қолайлы жыл болмақ.

Жылдың екінші жартысында қандай бастаманы қолға алсаңыз да, асығыс әрекет жасамай, барлығын жоспарлап алғаныңыз жөн. Кәсіпкерлікте байсалдылық, өзін-өзі ұстау мен байыпты көзқарас аса маңызды рөл атқарады. Сол себепті дұрыс бағыттан таймай, өзіңізге сеніңіз, басқалардың кеңестерінен гөрі өзіңіздің ішкі түйсіңігізге құлақ асқаныңыз дұрыс.

2024 жылы тоқтыларға жан-жақты дамуға көп мүмкіндіктер ашылады. Өзгерістерге және оны қабылдауға дайын болыңыз. Табысқа жету үшін өзіңіздің жақсы қабілеттеріңізді пайдалансаңыз болады. Жұлдызнамашылар тоқтыларға қызбалыққа салынбай, шешім қабылдар кезде байсалдылық танытып, ауыздан шыққан сөзге абай болуға кеңес береді.

ТОРПАҚ  (20.04 — 20.05)

Торпақтар 2024 жылы жаңа циклге кіреді. Жұмыс пен іскерлік тұрғыдан торпақтардың айы оңынан туады. Әсіресе, алғашқы алты ай қолайлы болмақ. Өз бизнесімен айналысатын және жалдамалы жұмыс істейтін жандарға іскерлікке қатысты қызықты ұсыныстар түсуі мүмкін. 

Сондай-ақ тоқтыларда жыл басында жеке өмірінде жіберген қателіктерін түзей алатын мүмкіндік болады. Бұл тек махаббатқа қатысты емес, достық қарым-қатынаста немесе іскерлік салада шалыс бассаңыз жыл басында оны түзеп үлгергеніңіз жөн. Бұған дейін үзіген қарым-қатынастарды қайта жаңғыртсаңыз болашақта өз пайдасын тигізуі ғажап емес. 

Алғашқы жартыжылдықта жұлдыздар торпақтарға жәрдемдеседі. Бірақ бұл үрдіс ұзақ уақытқа жалғасады деген сөз емес. Эйфорияға түспей өзіңізге және өз мүмкіндіктеріңізге сыни көзқараспен қарасаңыз, алдағы қиындықтарға дайын боласыз. 

Жылдың екінші жартысында ғашықтар махаббатпен сыналмақ. Егер жұбыңызмен қарым-қатынасыңыз бұған дейін де нашарлап жүрсе, келер жылдың аяғында ол адаммен қош айтысуыңыз мүмкін. 

Жұлдызнамашылар егер тоқтыларға оқу немесе біліктілікті арттыру туралы ұсыныс түссе, бас тартпауға кеңес береді. 



ЕГІЗДЕР (21.05 – 20.06)

Егіздер үшін 2024 жылдың бірінші жартысы айтарлықтай қарбалас болуы мүмкін, сондықтан бұл уақытта маңызды шешімдер қабылдауға асықпағаныңыз жөн. Өміріңізде оқиғалар қарқынды дамиды. Бірақ сіз олардың нақты себебін түсінбеуіңіз мүмкін. Араға уақыт салып барлығын ой елегінен өткізіп, түсіне бастайсыз. Есіңізде болсын, болашаққа жоспар құрып, оларды жүзеге асыратын уақыт келеді. 

Жұмысыңызда бірқатар қиындықтар болады. Бірінші жарты жылдықта жаңа жұмыс табу қиынға соғады немесе қазіргі жұмысыңыз көп күш пен шыдамдылықты талап етпек. Табысыңызды арттыру үшін қосымша жұмыс алуыңыз ғажап емес. Егер кәсіп ашуды жоспарлап жүрсеңіз, оны кейінге қалдырғаныңыз дұрыс.

Сондай-ақ жыл басында отбасында түсініспеушіліктер пайда болып, жанжалдар туындайды деген болжам бар. Ал тамыз айында дау-жанжал басылып, отбасыңыз қайтадан жаныңызға жайлылық сыйлайтын болады. 2024 жылдың екінші жартысында сіздің ерекше кездесулер күтеді. Олардың бірі сіз үшін тиімді болса, енді бірі жәй ғана жағымды әсер қалдырады. Ғашықтық сезімнің қандай болатынын ұмытып қалған егіздердің жеке өмірінде де оң өздерістер болады. 

Қыркүйек айынан жылдың соңына дейінгі уақытты ұзақ мерзімді жоспарларға арнаған дұрыс. Сондай-ақ денсаулыққа көңіл бөлгеніңіз абзал. Қосымша жұмыс пен күйзелістің соңы жақсыыққа апармайтынын ескеріңіз. Сондықтан күз айларында жұмыстан бөлек, демалысты да ұмытпағаныңыз дұрыс. Астрологтар туған жерінен жырақта жүрген егіздерге өзге елдің тәртібі мен заңына мұқият болуын ескертеді.

ШАЯН (21.06 – 22.07)

Жұлдыздар шаяндарға 2024 жылдың басын демалысқа арнауға кеңес береді. Шаяндар келер жылы жұмыс орнын ауыстырып немесе өз кәсібін ашуы мүмкін. Мысалы, шығармашылыққа бет бұрып, оны табыс көзіне айналдыруға, өзіңізді және басқалар білмейтін қабілеттеріңізді көрсетуге мүмкіндігіңіз бар. 

Сондай-ақ 2024 жылдың басы қаржылық мәселелерді шешуге, ауқымды дүние сатып алуға және инвестиция жасауға өте қолайлы уақыт. Бәлкім жылжымаймын мүлік сатып алуыңыз мүмкін. Алайда құжат мәселесіне келгенде аса сақ болғаныңыз жөн. 

Наурызда шаяндар үшін жағымсыз өзгерістер болуы мүмкін. Іскерлік қарым-қатынастар шиеленісіп, отбасында да жайсыз жағдайлар орын алуы ғажап емес. Айналаңыздағы адамдардың шешілмей жүрген мәселлеріне бас ауыртып, күш жұмсайсыз. Алайда еңбегіңіз бірден бағалана қоймайды. Қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмей, мәселені ақылмен шешуге тырысыңыз. 

Келер жылы шаяндар отбасылық байланысын одан әрі нығайтпақ. 2024 жылы аталмыш жұлдыз белгісін той, сәбидің дүниеге келуі секілді қуанышқа толы сәттер күтіп тұр. Басқа қалада немесе шетелде тұратын ескі достармен немесе таныстарыңызбен қарым-қатынасты жаңғыртуыңыз мүмкін. Ал бойдақтар келер жылы сүйіктісін кездестіріп, жұп жарастырады.

Шаяндарға қызмет сатысында жоғарыға өрлеуге және кәсіби дамуға себеп болатын жақсы жобалар ұсынылмақ. Астрологтар шаяндарға қараңғы түннен кейін таң ататынын және қандай жағдай болмасын әр нәрсенің өз қайыры болатынын ескертеді. 

АРЫСТАН (23.07 – 22.08)

Жұлдыздар арыстандарға келер жылға құрған жоспарларыңызды қайта қарап шығуға кеңес береді. Нәтижесінде өзіңіздің, жан дүниеңіздің шын мәнінде не қалайтынын түсінесіз. Барлығын ой елегінен өткізіп, қандай маңызды дүниелерге назар аудару керегін түсіну үшін асықпай ойланыңыз. Ойыңызда жүрген жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін кейбір жоспарлардан бас таруға  тура келеді. 

Ақпан айынан жаздың соңына дейінгі уақыт жұмысқа, бизнеске қатысты мәселелерді шешуге және жаңа серіктестер табуға өте қолайлы. Сондай-ақ қызметіңізді өзгертуіңіз мүмкін және бұл сіздің кірісіңізді айтарлықтай арттырады.

2024 жылдың басында жеке өмірден көрі жұмысқа баса мән бергеніңіз жөн. Сәйкесінше, жұбыңызбен араңыз суып, бір-біріңізден алшақтап кетуіңіз мүмкін. Келер жылы барлық даулы мәселелерді толығымен шешу мүмкін болмайын деп тұр. 

Күз мезгілі сіздің әлеуметтік ортаңызды кеңейтуге қолайлы уақыт. Жаңа жобалар мен жұмыстың арқасында әртүрлі адамдарды кездестіресіз. Романтикалық қарым-қатынас басталып қана қоймай, жылдың соңына қарай сүйіктіңізбен некеге тұруыңыз да ғажап емес. Жұлдыздар арыстандарға ешкімнен ештеңе күтпей, барлығын өз қолына алуға кеңес береді. 

БИКЕШ (23.08 — 22.09)

2023 жылы болған оң өзгерістер келер жылы жалғасын таппақ. Бикештер жылдың басында университетке түсу, академиялық дәрежені қорғау немесе жай саяхаттау сияқты даму жолында тамаша мүмкіндіктерге ие болады. Сондай-ақ шетелдік компаниялармен бірге табысқа жетіп, импорт пен экспортта тиімді жұмыс істейсіз. Егер ұзақ уақыттан бері бір нәрсе үйрену немесе жаңа мамандық алу туралы ойлап жүрсеңіз, нақты әрекеттерге көшкеніңіз абзал. Аз уақытта жақсы жетістіктерге жетіп, оң нәтижесін көресіз. 

Жалпы бірінші жартыжылдық еңбекке, кәсіби біліктілікті арттыруға және өзін-өзі жетілдіруге қолайлы уақыт. Көктемде бикештердің қаржылық мүмкіндіктері артып, серіктестермен және клиенттермен бірге атқарған жұмыс көп пайда әкеледі.

Жыл ортасы бикештер үшін қиынға соғуы мүмкін. Асығыс шешім қабылдап, үлкен қателіктер жіберуге бейім боласыз. Сол себепті өзіңізге біраз уақыт беріп, мұқият ойланып, көп ақпарат жинауға тырысыңыз. Айналыңыздағы адамдармен қарым-қатынас құрғанда да сақ болғаныңыз абзал. Олар барынша сіздің сеніміңізге кіруге тырысып бағады. Бірақ бәріне бірдей сенуге болмайтынын ескеріңіз. 

Бикештердің жеке өмірінде де біраз өзгерістер орын алады. Ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар өзара түсінісіп, алдағы уақытта қалай әрекет ету керегін шешеді. Бикештер сүйіктісіне жән жеке өміріне асқан жауапкершілікпен қарауы керек. Екі жақ та қарым-қатынасқа енжарлық танытса, айырылысып кетуі ғажап емес. Бикештер өмірдің бір адаммен тоқтап қалмайтынын, оған да лайықты жан табылатынын ұмытпағаны дұрыс. 

ТАРАЗЫ (23.09 – 22.10)

Таразылардың өмірінің белгілі бір кезеңі аяқталып жатқаны анық. Оларға өткенді ұмытып, болашаққа ұмтылу оңай болмайды. Алайда таразылар дұрыс жолда екенін, осы бетінен таймаса кез келген белесті бағындыратынын есте ұстағаны жөн. Аталмыш жұлдыз белгілері үй, пәтер, коттедж сатып алып, құрылыс жұмыстарын бастайды. Жұлдыздар таразыларға туған жерден көшпес бұрын, шетелдің заңдарын мұқият оқып шығуды ұсынады. 

Таразылардың жаңа жылы шиеленіспен басталады. Жұмыста келіспеушіліктер болып, өзіңіз нүкте қойғыңыз келіп жүрген бәсекелестік одан сайын күшеюі мүмкін. 

2024 жылдың ортасы қызыққа толы болмақ. Таразыларды күтпеген шешімдер мен жағымдар тосын сыйлар күтеді. Түйсігіне сенетін және өзгерістерден қорықпайтын таразылар көптен бері армандап жүрген дүниелерге қол жеткізеді. Тек соның жолында әрекет етсе болғаны. Егер ұзақ уақыттан бері ойлап жүрген идеяңыз болса жазда іске кіріскеніңіз жөн. Бұл кезең романтикалық қарым-қатынастар үшін де қолайлы болмақ.

Жылдың соңы жағымды әсер мен қуанышты сәттерге толы болады. Ескі таныстарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтасыз. Сондай-ақ таразыларды жаңа таныстықтар күтіп тұр. Жақындарыңыздың сізге берген қолдауының арқасында өзіңізді сенімді әрі сабырлы сезінетін боласыз. Астрологтар таразыларға жаман әдеттерден арылып, пайдалы нәрселерді үйренуге кеңес береді. 

САРЫШАЯН (23.10 — 21.11)

2024 жылы сарышаяндарды жаңа жобалар мен жоспарлар күтіп тұр. Десе де, сондай өзгерістерді ескере отырып олар өз өміріндегі маңызды дүниелерге көңіл бөліп, қажет емес нәрселерден арылғаны дұрыс. Сарышяндар жыл басын қажырлы еңбекке арнағаны жөн. Кәсіби өрлеуге ұмтылатын сарышаяндар үшін жаңа жылдың алғашқы кезеңі оңай болмайды. Тіпті әдеттегі қарапайым жұмыстарың өзі қиынға соғуы мүмкін. Қызметте бәсекелестік күшейіп, қарсыластарыңыз сізді басып озу үшін құйтырқы тәсілдерге жүгінеді. Сол себепті жаныңызға адал деген адамдарды жинаңыз. Сеніміңізге кіруге тырысқан адамдардың бәріне сене берудің қажеті жоқ. 

Алайда жыл ортасы сарышаяндар үшін қолайлы болады. Бұған дейін шешімін таба алмай жүрген мәселелерді бір жақты етіп, мақсаттарыңызды айқындайсыз. Жоспарлап жүрген іссапарларыңыз да сәтті болмақ. Жаңа таныстықтар іскерлік немесе достық сипатта жалғасуы мүмкін. Сонымен қатар әлеуметтік ортаңыз айтарлықтай өзгереді. Ал жыл соңында өміріңізде түрлі өзгерістер болып, уайым салынуыңыз мүмкін. Қоныс аудару, жұмыс орнын ауыстыру немесе үйлену туралы маңызды шешім қабылдайсыз. Жұлдызнамашылардың айтуынша, келер жылдың тамыз мен желтоқсан айының аралығында сарышаяндардың жеке өміріндегі мәселелер шешіледі. Олар не сүйіктілерімен шаңырақ көтереді, не болмаса мәңгілікке айырылысады.

МЕРГЕН (22.11 – 21.12)

Мергендер жоспарларын айқындап, оларға баса назар аударса 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында қызметінде немесе кәсібінде табысқа кенеледі. Келер жылы өзіңізді мүлдем жаңа дүниеде сынап көруге мүмкіндік болады. Ол мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз. Кәсіпкерлер мен менеджерлер өз кәсіпорнын жаңа деңгейге шығару үшін маңызды келісімшарт жасауы мүмкін. Ал жалдамалы жұмыс істеп жүрген жандар қызметінде көтеріледі немесе қазіргіден де ірі ұйымға жұмысқа тұрады. Мамыр айы мергендер үшін кәсіби тұрғыдан сәтті кезең болмақ.

Келер жылы басталатын романтикалық қарым-қатынас уақыт өте сіз үшін бағалы дүниеге айналады. Бұл жолғы махаббат хикаясы сіздің бұрын-соңды бастан кешірген сезімдерден айтарлықтай өзгеше болады. Желтоқсан айында мергендер жеке өмірінде маңызды шешім қабылдайды. Ал ерлі-зайыптылар үшін 2024 жыл қиынға соғады. Қарым-қатынастағы мәселелер тамыз айынан бастап байқалады. 

Мергендер айдаһар жылы қаржылық мәселелерге бас ауыртпайды. Астрологтар мерегендердің қолынан келмейтін дүниелерді аңсап, ол үшін тер төгудің қажеті жоқ деп санайды. Қай іске икемі болса, соған бет бұрғаны дұрыс. 

ТАУЕШКІ (22.12 – 19.01)

2024 жыл тауешкілер үшін шығармашылықпен және отбасындағы қуанышты жаңалықтармен есте қалмақ. Келер жылы өмірде жолы болмай, алға қойған мақсаттарына жете алмай жүрген тауешкілердың жолы ашылады. Пайдалы дүниелерді үйренуге көп мүмкіндіктер болады. Кейбірі қолайлы сәтті пайдаланып, мамандығын да ауыстыруы мүмкін. Тауешкілерге жай біліп қана қоймай, әр нәрсенің мәнін жете түсіну маңызды. Сондай-ақ білгеніңізбен бөлісуден ұялмаңыз, көп адамға пайдаңыз тиеді. 

Жұмысқа, кәсіби өсуге және мүлікке қатысты мәселелерге келгенде ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Мансапта жетістіктерге жеткіңіз келсе іскерлік және жеке қарым-қатынастарды араластырмағаныңыз жөн. Жылдың ортасы жаңа бастамалар үшін қолайлы уақыт. Қандай істі қолға алсаңыз да жан-жақты қолдауды сезінетін боласыз. Көптеген жақсы идеялар пайда болып, әдеттен тыс, бірақ тиімді шешімдер қабылдайсыз.

Қаржылық тұрғыдан алғанда 2024 жыл тауешкілер үшін табысты болады. Келер жыл жалақыдан бөлек, сыйақы немесе бонустармен қуантуы мүмкін. Айдаһар жылы тауешкілер лоторея ұтысы секілді жағымды тосын сыйларға кенеледі. Тауешкілер келер жылы өзін жаңаша әрі жарқын жағынан көрсетуі керек. 

СУҚҰЙҒЫШ (20.01 – 18.02)

Айдаһар жылы суқұйғыштар үшін де сәтті болады. Егер сіз өзіңіздің жақсы жақтарыңыз бен артықшылықтарыңызды объективті түрде бағалай алсаңыз көптеген қателіктер мен жамандықтың алдын аласыз. Бұл жылы жаңа дүниелерді үйреніп алуға тырысыңыз. Суқұйғыштар бұрын-соңды қызықтырмаған білім саласына бет бұрып, мамандығын ауыстыруы ғажап емес. 

Жыл ортасында іскерлік белсенділіктің аздап төмендегенін байқайсыз, бірақ бұл кезең де сәтті өтеді. 2024 жыл әсіресе, шығармашылықпен немесе өнермен айналысатын суқұйғыштарға қолайлы болады. Олардың табыс көзі айтарлықтай артуы мүмкін. Жыл соңы жақындаған сайын, мақсаттарыңызға жету көп күш жұмсау керек болады. 

Осы жылы сіз отбасылық қарым-қатынастағы ұзақ уақытқа созылған жанжалды немесе түсініспеушіліктің шешімін табасыз. Суқұйғыштар ұзақ уақыттан бері қарым-қатынаста болса, келер жылы ол байланыс пен тұрақтылықтың жаңа деңгейіне көшеді. Сүйіктісін іздеп жүрген суқұйғыштар 2024 жылы ойыңыздағы жанмен кездесудің сәті түседі. Жаңа таныстыққа ашық болуға тырысыңыз.

Қаржылық жағынан бірінші жартыжылдық сәтті болады. Бұл кезеіде суқұйғыштар әскерлікте серіктестердің қолдауына ие болып, тегін көмекке немесе тиімді несие ала алады. Жылжымайтын мүлікпен сәтті мәмілелер жасап, одан пайда көруге болады. Ал жылдың екінші жартысында  ақшаның берекесі болмай, қаржылық жағынан қиындықтар туындайды. Астрологтар суқұйғыштарға кәсібін де, жеке өмірін де ретке келітіріп, жинақталуға кеңес береді. 

БАЛЫҚТАР (19.02 – 20.03)

Балықтар үшін келер жыл күтпеген өзгерістерге толы болады. Алға жаңа мақсаттар қойып, бұған дейін маңызды деп санаған дүниелерге басқаша қарайсыз. Сәті түсіп тұрғанда көп дүниені өзіңізге тиімді етуге мүмкіндік бар. Жаңа нәрсені үйренудің сәті түссе бас тартпаңыз. Алдағы уақытта ол біліміңіздің пайдаға асары сөзсіз. 

Жылдың екінші жартысы іскерлік қарым-қатынас үшін қолайлы болады. Жаңа серіктестікпен қатар, бұрынғы әріптестермен байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Балықтар келер жылы басқа қалаға немесе елге көшуді, болмаса бизнес бастауды жоспарлайды.

Естен кетпес әсер сыйлайтын сахатқа шығуыңыз да ғажап емес. Жаңа қызығушылықтар мен хоббилер пайда болуы мүмкін. Тіпті олар уақыт өте табыс көзіне айналады.

2024 жылдың алғашқы жартысында балықтар жеке өміріне қатысты маңызды шешім қабылдап, отабсы құруы мүмкін. Ал екінші жартыжылдық қай жағынан алсаң да қиындықтарға толы болмақ. Алайда махаббат бәрін жеңеді. Тек ол үшін уақыт керек. Жұлдыздар балықтарға қалжырап, күйзелістің жиілегенін байқаса жұмыс көлемі мен міндеттерін қайта қарастырып, ретке келтіруге кеңес береді. 

Жақында "2023 жылы шаңырақ көтеріп үлгеріп қалыңыздар. 2024 жылы үйленуге болмайды" деген ақапарат тарады. Осы тұста AstroGrig батыс астрология мектебінің негізін қалаушы Алена Григтен көпішілікті қызықтыратын сауалды қойдық. “2023 жылы шаңырақ көтеріп үлгермегендер, келер жылы үйленуге жоспар құруға болады ма?” деген сұрақа астролог:

“Әрине, болады. 2024 жыл кебісе жыл болып саналады. Бұл жалған ақпараттың тарауына да сол нәрсе себеп болды. Шынында, келер жылдың басқа жылдардан еш айырмашылығы жоқ. Күнтізбелердің ғаламшарлар қозғалысына еш әсер етпейді. Сол себепті ондай дүниелерге бас ауыртпаңыз”,- деп жауап берді. 

Астрологтың айтуынша 2024 жыл беймаза жыл болмақ. Оқиғалар әлем халқын алаңдатпай қоймайды. 

Жаңа жылды дұрыс қарсы алғыңыз келсе, мына дүниелерді есте сақтаңыз:

  • Келер жылды тек жақындарыңмен қарсы алу керек. Көңіліңіз қаламайтын жандармен араласып, жақтырмайтын туыстармен кездесудің қажеті жоқ. Дастархан басында тек жаныңа жақын деген адамдармен жиналу қажет;
  • Түн ортасында тілек тілеу – классикалық астромагиялық әдіс. Бұл тілектің орындалу мүмкіндігі жоғары. Сол себепті жаңа жыл қарсаңында тілек тілеу тамаша дәстүр деп ойлаймын;
  • Жаңа жылды жаңа, таза киіммен қарсы алу керек. Көтеріңкі көңіл күй үшін дастарханда қымбат өнімдерден жасалған отбасының сүйікті тағамдары болғаны жөн.
Талқылау