Бішкекте ел туының өзгеруіне қарсы наразылық шеруі өтті
Қырғызстан мемлекеттік туын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бірақ бүгін елде рәмізді өзгертуге қарсы шеру өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қараша айында парламент мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 66 депутат қолдаса, 8 депутат қарсы болды.
Депутаттар Қырғызстан туындағы күннің пішінін өзгерту керек деп есептейді. Себебі, оны күнбағыспен шатастыратындар көп екен.
Толқын пішінді сәулелер тік болғаны дұрыс деп отыр. Сондай-ақ шаңырақтағы таяқшалар саны үшеуден төртке артады.
Өйткені үшеу кедейліктің, ал төртеу байлықтың белгісі ден саналады.
Ел президенті Садыр Жапаров жаңарған тумен Қырғызстан жаңа даму кезеңіне қадам басады деп отыр. Дегенмен Бішкекте ел туын өзгертуге қарсы шеру өтті. Оған 100-ге жуық адам қатысты,
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн