Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімдігі электр қуатының тапшылығына қарамастан 25 электромобиль сатып алған

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі электр қуатына қатысты мәселелерге қарамастан, 25 патрульдік электромобиль сатып алынғанына қатысты сынға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Брифинг барсынында журналистер Ербол Қарашөкеевтен электромобильдердің не үшін қажет екенін, сондай-ақ полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде электромобильдердің қуаты таусылып қалған жағдайда не істейтінін сұрады. 

“Көршілеріміздің тәжірибесіне қараңыз. Қытайға барғандар ондағы көліктердің жартысынан көбінің жасыл нөмірлі екенін көрген болар, олардың барлығы электромобильдерге ауысты. Оларда бұған қатысты мәселе жоқ. Тағы бір мәселе, біздің жүйе бұған дайын болуы керек. Орта есеппен бір экипаж тәулігіне 100-150 шақырым жол жүреді. Ал ол көліктердің жүру ұзақтығы 450 шақырым. Бұл шешім қабылданған кезде жауапты мамандар тәуекелдің барлық түрін ескерген. Иә, біз 25 патрульдік электр көлігін сатып алған алғашқы өңірміз. Әрине, қиындықтар болады. Жаңа дүниелер әрқашан қиындықтарға тап болады", – деді әкім.

Сонымен қатар облыс басшысы электр қуатымен жүретін көліктерді пайдаланудан бас тарту мүмкін емес екенін, оларды бүкіл әлем пайдалануға көшкенін атап өтті. Қарашөкеевтің пікірінше, алдағы бес жылда Қазақстанда электромобильдердің үлесі артады. 

Талқылау