Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таяқ жеу мен қорлыққа шыдамаған": Қарағанды ​​облысында ер адам әйелін ажырасқан күні пышақтап өлтірді

Қарағанды ​​облысында бұрынғы әйелін АХАТ ғимаратында өлтірген ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жұбайының ажырасу туралы шешіміне ренжіп пышақ сұққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Патриот” Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pexels-тен

Деректерге сай, Елена есімді келіншекке күйеуі үнемі қол көтеріп келген. Ол Қарағанды ​​облысы Бұқаржырау ауданындағы ауруханада жұмыс істеген. Әріптестері Елена ешқашан корпоративтік іс-шараларға қатыспағанын, тіпті күйеуінен қатты қорққаннан жұмыстан дәл уақытында қайтатынын айтады.

Таяқ жеу мен қорлыққа шыдамаған Елена алты ай бұрын күйеуін тастап, қызымен тұру үшін басқа қалаға кетіп қалған.

Ал оның күйеуі Қарағанды ​​мемлекеттік орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде аңшы болып жұмыс істеген. Әйелін қайтару үшін ол өз-өзін жарақаттап, 10 күн ауруханада жатқан. Дегенмен сонда да Елена жұбайына қайта оралмаған.

2023 жылдың 26 ​​мамырында Елена күйеуімен ажырасу үшін Қарағанды ​​облысының Ғабиден Мұстафин ауылына келген. 

Деректерге сай сол күні олар ажырасады. Ал далаға шыққан кезде ер адам бұрынғы әйелін қуып жетіп, 32 жыл үйленгеннен кейін неге оны тастап кетуді шешкенін сұрай бастаған. Арада жанжал туып, күйеуі Еленаның қолын ұстаған кезінде келіншек көмек шақырып қаша жөнелген. 

Күзетшілер ер адамға ескерту жасағанына қарамастан ол әйелін қуып жетіп, ішіне пышақ сұққан. Елена қашып құтылмақ болып талпынған кезінде күйеуі арқасына тағы пышақ сұғып алған.

Қансырап отырған әйеліне алтын жүзігі бар қорапты лақтырып, құлағына сыбырлап кетіп қалған. Полиция күдіктіні ұстады. Анықталғандай ер адам алтын жүзкті Еленаның туған күніне сыйлыққа бермек болған. 

Талқылау