Ұлымды әскерге өзім жетектеп апарамын – Қорғаныс министрі
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов баласын әскерге өзі жетектеп апаратынын айтты. Бұл туралы ол мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
"Қазір оның жасы жиырмада – студент. Оқуын аяқтаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Дегенмен арнайы құрылымдарға барғаны дұрыс деп ойлаймын", – деді Жақсылықов.
Еске салайық, мәжілістің жалпы отырысында Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге міндеттеу туралы норма әзірлеуді ұсынған еді. Алайда министр шенеуніктерді және балаларын әскерке міндеттеу бойынша бөлек норма қажет емес екенін айтты.
Сондай-ақ ол шенеуніктердің қайсысы балаларын әскерге өз еркімен жібергенін айтып берген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған