Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрі шенеуніктердің қайсысы балаларын әскерге жібергенін айтты

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қорғаныс министріне жоғары лауазымды шенеуніктердің балаларын әскерге, оның ішінде запастағы қызметке тарту туралы норманы заңнамаға енгізу мүмкіндігін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Ұлын әскерге жіберген адам бұл туралы айтпайды. Әскерге көрсету үшін емес, патриоттық тұрғыда жіберу керек. Бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлын мысалға алғым келеді. Екі інісін өзі қолынан жетектеп маған әкеліп, әскерге тапсырды. Құрметті сенатор, парламент сенаты комитетінің бұрынғы төрағасы Құл-Мұхаммед мырзаның ұлы мектеп бітіргеннен кейін әуе-шабуылдау бригадасына мерзімді әскери борышын өтеуге аттанды, қазір АҚШ әскери училищесінің курсанты. Бұл мысал емес пе? Білесіз бе, министрлер мен депутаттардың ұлдарын бөлектейтін ереженің мағынасы жоқ, заң бәріне бірдей. Бірақ бұл норманы қалай және кім жүзеге асырады, өзімізден сұрап көрейік", - деді Руслан Жақсылықов.

Бұған дейін Руслан Жақсылықов ұлын өзі әскерге қолынан жетектеп апаратынын айтқан еді. 

Айта кетейік, мәжілістің жалпы отырысында "Кейбір заңнамалық актілерге запастағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Талқылау