Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 мың теңгеге бір түн өткізуді ұсынды": Алматы облысында 19 жастағы жігітке зорланып қала жаздаған зейнеткер оқиға туралы айтты

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында 19 жастағы жігіт 79 жастағы зейнеткер Людмила Трофимқызының үйіне баса көктеп кіріп, ұрып-соғып, күш көрсетіп, оны зорламақ болған. Кейуананың айтуынша, жігіт алдымен өзімен түн өткізуі үшін 100 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін ақша ұсынған. Қазір ол бостандықта жүр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қыздар-ай” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет бағдарламадан скринделген

Бұл оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Зейнеткер терезенің алдында Германиядағы қызы Оксанамен телефон арқылы сөйлесіп тұрған. Сол кезде бейтаныс азамат терезенің арғы жағынан келіп Людмилаға ауызына келгенін айтты. 

“Ол маған 100 мың теңгеге менімен бір түн өткізуді ұсынды. Мен өз жолыңмен кете ғой дедім. Кейін 200 мың теңгеге деді. Мен егер маған жақындасаң полиция шақырамын дедім. Кейін тіпті 300 мың деді. Мен бірден терезені жауып тастадым. Негізі есігімнің кілті өте қатты болған. Соған қарамастан ол есік құлыпын тартып-тартып ақырында жұлып алды. Мені қылқындыра бастады. Мен суырылып сыртқа қарай қашып үлгерген кезімде үсітмде тіпті киім болмады. Сыртқы қақпаның есігіне жете сала құлап қалдым. Сол кезде ол артымнан келіп шалбарын шеше бастады”, – деді Людмила.

Ал анасымен хабарласып тұрған Оксана болса, оның айғайлап қиналып жатқанын естіп, жүрегі ауырғанын айтады.

“Жігіттің анама ақша ұсынып, ұятсыз нәрселерді айтып жатқанын естідім. Ол полицей шақыратынын айтты. Кейін екеуміз әңгімемізді әрі қарай жалғастырдық. Бір кезде кенет есікті біреудің қаққаны естілді. Кейін маған түрлі дыбыстар қырылдың дауысы естілді. Қаскөй оның жамбасынан ұстап, қылқындырған. Мен ештеңе істей алмадым. Қолым жіпсіз байлаулы тұрды”, – деді Оксана. 

Оксана Людмиланың жалғыз қызы. Германияға 20 жыл бұрын көшіп барған. Бір қызы бар, сол жақта жұмыс істейді. 14 жасынан бастап әкесінен айырылған ол анасына өте жақын екенін айтады. 

“Біздің үйде екі ит бар еді. Алайда дәл сол кезде олардың да қарасы көрінбепті. Кілт те, есік те кеңес заманынан. Оны жай аша салу оңай емес. Меніңше, бұл азамат есірткі заттарына мас болуы мүмкін”, – деді қызы. 

Қайта Людмиланың көршілері келіп оны бір жамандықтан құтқарған.

“Оның айқайын естіп, барғанымда денелерінде жарақат болды. Дауысы қырылдап тұрды. Қаскөй қатты қылқындырған ғой. Қақпаның алдында өте үрейлі күйде тұрды. “Мені өлтіреді” деп айтты. Біз жақындаған кезде кім екенін білмейміз қараңғыда азамат ізін суытып үлгерді”, – деді куәгер Инна Ларев.

Оқиғадан соң Людмила полицейлерге арыз жазған. Алайда әлі күнге дейін ешқандай тергеу болмай жатыр екен.

“Мен ол жігіт туралы ештеңе де білмеймін. Бірақ тергеушінің айтуынша, ол қарапайым отбасында тәрбиеленген бала. Екі бауыры бар екен. Олар Талғар қаласында тұрады”, – деді Людмила,

Кейуанаға қастандық көрссеткен жігіт2005 жылы туылған Архат Таңатар. Белгілі болғандай оның әкесі Талдықорғанда тұрады. Ал өзі жалдамалы пәтерде тұрады.  Ол бұған дейін де құқық бұзушылық жасап, полицейлердің есебінде тұрған. 

Людмиланың қызы Оксана кейуананы ұрып-соққан жігіт бостандықта екенін айтады. 

“Біз адвокат та жалдағанбыз. Ол екі рет тергеушімен кездескеннен соң біздің істі жүргізуден бас тартты”, – деді ол.  

Ал құқық қорғаушылар болса жігіттің бұған дейін қамалғанын жеткізді. Алайда дәлел мен зорлау әрекеті болмағандықтан оны қамауға прокуратура бас тартқанын мәлімдеді. Айтуынша жігіт кінәсін толықтай мойындап, тіпті темір торға баруға да дайын екенін алға тартыпты. 

Талқылау