Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаратауда саябақ салуға бөлінген 148 миллион теңге қолды болған

Жамбыл облысының Қаратау қаласында құрылысы төрт жыл бұрын басталған саябақтың жұмыстары әлі де аяқталмаған. Жергілікті биліктің айтуынша, бұған бюджет қаражатының ұрлануы себеп болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Каратау парк скрин

Моноқалаға кіре берістегі гектардан астам аумақта субұрқақ салып, орындықтар мен флагшток орнатылуы тиіс болған. Бірақ қазір саябақ қараусыз қалды, кіреберіс арканың іргетасы жарылып, су құбырлары жарамсыз болып қалған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Қаратау қаласын абаттандыруға бөлінген 148 миллион теңге бюджет қаражатының ұрлануынан саябақ құрылысы аяқталмай қалған. Сондықтан құрылыс тоқтатылып, қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жазаланды, дейді олар.



Жақында ғана жергілікті билік жұмысты жалғастыруға рұқсат алды. Қаржы келесі жылы түседі.

“Осы саябақты қалпына келтіруге тұрғындардан көптеген өтініштер түсіп жатыр. Бізге құрылыс жұмыстарын жалғастыруға рұқсат берді. Енді жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, аудандық бюджетті жоспарлау бөліміне өтінім береміз. Қаржы бөлінгеннен кейін жұмысты жалғастырамыз”, – дейді Қаратау қаласының әкімінің орынбасары Ұлан Сәрсенбек.

Талқылау