Қылмыспен іздеуде жүрген қазақстандық Германиядағы босқындар лагерінен табылды
Қылмыспен іздеуде жүрген қазақстандық жасырыну үшін көрші мемлекеттер арқылы Украинаға өтіп, кейін сол арқылы Германиядағы босқындар лагеріне барған. Қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы Астана тұрғыны Мюнхендегі босқындар лагерінде табылған.
Ол ҚР Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен Бас прокуратураның көмегімен экстрадицияланды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.
"Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген елорда тұрғыны 2021 жылдың сәуір айынан бері іздеуде. Оның алдымен Өзбекстанға тұрақты рейспен ұшқаны, ол жерден Қырғызстанға өтіп, Анталияға ұшып келгені анықталды. Кейін қазақстандық Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Германия аумағына босқын мәртебесінде келген", – деп хабарлады ІІМ.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі