Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күдебаевтың елден қашуы: Қырғызстанда бес адам сотталды

Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің (ПД) бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша бес  адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агент 24.kg-ге сілтеме жасап. 

"Қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашып кету фактісі бойынша қылмыстық істің бес қатысушысы сотталды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін барлық айыпталушылар кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойғаны нақтыланған.

"Іс бойынша төрт айыпталушы – қарапайым тұрғындар, тағы бірі – ҰҚКД Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері екені белгілі. Істі республиканың Әскери прокуратурасы жүргізді. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, барлық айыпталушыларға 350 мың сом айыппұл салынды", – деп хабарлады редакция.

Айта кетейік, Күдебаев 10 жылға сотталған еді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. 

1 шілдеде Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевтың ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралған. Дегенмен үкім өзгеріссіз қалды. 

Бұған дейін Күдебаевтың ұсталып, Ыстамбұлдан Қазақстанға арнайы ұшақпен жеткізілгені хабарланған болатын. Кейін бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың ұсталғанын ресми түрде растады.

58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты қолды қылған.

Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол Алматыда алты жылдан астам осындай қызметте болған.

Талқылау