260 отбасы оңтүстік өңірден солтүстік аймаққа қоныс аударды
Еңбек күшінің тапшылығына байланысты халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан солтүстік пен шығыс аймақтарға 8600 адам көшірілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақстан” ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2800 тұрғын Қызылжарға көшіріледі. Жыл басынан бері теріскейге 260 отбасы қоныстанды. Биылдан бастап "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу үшін төрт млн теңге көлемінде сертификат табысталады.
Бұған дейін көшіп келгендер жергілікті әкімдік ұсынған баспаналарда тұрса, енді үйді өздері таңдап алады. Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын.
Солтүтік Қазақстанда бес мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен