200 жылда бір болады: Адамдар Жерге жақындап келе жатқан Жасыл кометаны көре алады
Адамдар 1-2 ақпан күндері Жер ғаламшарына жақындап келе жатқан Жасыл кометаны байқай алады. Аспан денесі біздің планетамыздан ең аз шамамен 42 жарым миллион километр қашықтықтан өтеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ғарыш стандарттары бойынша бұл өте жақын. Сирек кездесетін құбылысты адамдар кәдімгі дүрбімен, тіпті қарапайым көзбен байқауға болады.
Солтүстік жарты шарда құйрықты жұлдыз ақпанның 2-сіне қараған түні анық көрінеді. Оны Үлкен Урса мен Кіші Урса шоқжұлдыздарының арасынан бақылау керек. Ең бастысы жарық кедергі жасамауы үшін қала сыртында тамашалаған дұрыс. Соңғы рет Жасыл кометаны мамонттар мен үңгір адамдары бақылаған. Ол Жердің жанынан 50 мың жыл бұрын ұшып өткен. Бұдан кейін жердегілер оны көрмеуі мүмкін. Себебі астрономдар аспан денесі күн жүйесінен мәңгілікке жойылуы мүмкін деп есептейді. Егер жойылмаған жағдайдың өзінде Жасыл комета 200 жылдан кейін ғана қайта оралады.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған