БҰҰ Ресейдің Украинаның қалаларына жасаған шабуылын айыптады
Ресей қарулы күштерінің Украина қалаларына зымыран шабуылдарын БҰҰ айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Шабуыл азаматтық аудандарда құрылымдарды қиратып, ондаған адам қаза тауып, жараланды.
БҰҰ бұл әрекетті "соғысты орынсыз өршіту" деп атады. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның энергетика, әскери басқару және байланыс нысандарына жаппай соққы беру жоспары туралы мәлімдеп, егер Украина билігі Ресей аумағында шабуылдарды жалғастыруға тырысса, жауап қатал болады деді.
10 қазан күні таңертең Киев және Украинаның басқа қалаларына оқ атылды. 6 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шекті.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"