Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жолдады
Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтардың елден кетуін сұрап үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндеу Қазақстан елшілігінің Telegram-каналында жарияланды.
"Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе рейдтік сигналдарын елеусіз қалдырмауға және қауіпсіз аумақта қалуға шақырады. Сондай-ақ, Елшілік Қазақстан азаматтарынан мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуді сұрайды", - делінген үндеуде.
Еске салсақ, Украина астанасы Киев қаласында бірнеше жарылыс болды, жарылыс қаланың әр өңірінде жалғасып жатыр. Зымыран соққысының Киевтен бөлек Львовта, Тернопольде, Житомир облысында, Днепрде, Ровно облысында және Харьковте болып жатқаны айтылады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады