Шымкент пиццериясындағы қыздың өлімі: Полиция жұмыс берушіні қамауға алды
Шымкентте 3 шілдеде 15 жастағы қыз жұмыс орнында тоқ соғып, көз жұмған. Кейін анасы қылмыстық іс қозғалғанымен, кінәлілердің әлі бостандыққа екенін мәлімдеген еді. Көп ұзамай қалалық полиция департаменті пиццерия басшысының қамауға ады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға полицияда Қылмыстық кодекстің 156-бабымен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелген.
“Сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс аясында күдікті шетелдік азамат, нақтырақ айтқанда, пәкістандық болғандықтан, тергеу амалдары біршама уақытты алды. Бүгін парсы тілінің аудармашы-маманының қатысуымен тергеушілер барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізді. Күдікті Пәкістан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – делінген хабарламада,
Сондай-ақ электр-техникалық сараптама нәтижелерін алғаннан кейін іс сотқа жолданады.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның анасы Бибіайша Құттыбаева полицияны әрекетсіздік танытты деп айыптап, күдіктінің жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”