Алматы облысында аю адамға шабуылдады
Алматы облысында аю ер адамға шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.
Видео Алматы облысының Жоңғар тауларынан түсірілгені анықталды. Жыл сайын, шамамен тамыз айының ортасынан бастап, аюлар бұл аймақтарды аралап, малға шабуыл жасайды екен. Оларды атуға заңмен тыйым салынған.
-
Шығыс Қазақстан облысында аюлар омарталар мен үй жануарларына шабуылдай бастаған
-
Қостанайдағы демалыс базаларының бірінде балаға аю шапты: Аю иесі 18,5 миллион теңге өтемақы төлейді
Биылғы жазда аюлар орманнан әдеттегіден ерте түскен, тіпті жабайы аңдардың бірі адамға шабуыл жасамақ болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бұрын соңды болмаған.
Видеода жылқы мінген адамның артынан аюдың тоқтаусыз жүгіріп, шабуылдағанын байқауға болады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген