AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында аюлар омарталар мен үй жануарларына шабуылдай бастаған

Шығыс Қазақстан облысында жыртқыштар көбейіп, олардың саны 3 мыңнан асып жығылды. Қазір аюлар, әсіресе, омарташылардың мазасын ала бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

аю

Глубокое ауданындағы Степной, Топиха ауылдары маңында ара шаруашылығымен айналысып жүргендер шығынға ұшырап жатыр. Сарапшылардың сөзінше, ара ұясын бұзып жүрген көбінесе қонжықтар. Өйткені аюлар адамдардың территориясына емес, керісінше адам олардың аумағына кіріп кеткен. Оның үстіне бір рет балдың дәмін татқан жыртқыш ол жерге қайтара келе береді.

Мәселен жаз шыққалы бері аюлар Алексей Устинцевтің омартасындағы алты ұяны талқандап кетіпті. Қазір ол шаруашылығын көлікпен күзететін болған. Алайда аң да аңқау емес, дәл күзет босаңсыған кезді аңдып жүріп, тәттілерді қолды етеді екен.

“Олар тіпті иттен де жасқанбайтын болды. Сондықтан енді не істерімізді білмей жүрміз. Ең қызығы ара ұяларының ішінен ең балы көбін таңдап,талқандап алып кетеді. Қазір амалымыз тауысылған соң алтыншы күн кезектесіп омарта басын күзетіп жүрміз. Сондықтан тиісті органдар тарапынан қандайда да бір нақты іс-шара болса деген тілегіміз бар”, – деді омарташы Алексей Устницев.

“Бізге шағым түскен соң  бірден сол жерге барып  өз кеңесімізді береміз. Аюларды түрлі әдістермен үркітіп, қорқытып отыру керек. Қатты дыбыстар шығарып немесе электр қорғандарын құрып қойған дұрыс. Аюды атса, өз өмірін қорғау үшін болса да атқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өйткені заң солай”, – деді "Өскемен орман шаруашылығы" ҚММ қызметкері Сергей Осинцев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр