Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өзіміздің қазақстандықтарды бағаламайсыздар»: Бұрынғы ойыншы Старченконың кетуіне байланысты «Барысты» сынады

Хоккейден “Барыстың” және Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Константин Романов елордалық клубты Роман Старченконы ұстай алмағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен “Барыста” болып жатқан оқиғаны білген кезде таңқалдым. Өз ойыншыларыңызды, қазақстандықтарды, елге берілген, мақтан тұтатындай жандарды қалай бағаламайсыздар? Осындай философиямен ескі ойыншыларды ысырып, неше түрлі керексіздерді ала берсеңіздер "Барыс" пен Қазақстан құрамасы ешқашан жеңіске жетпейтіні сөзсіз", - деді ол.

 



Старченко мен "Барыс" жаңа келісімшарт талаптары бойынша келісе алмай, кейін ойыншы Мәскеудің "Спартакына" ауысты.

Роман Қазақстан құрамасында 2003-2004 және 2008 жылдан бері өнер көрсетті.

 

Талқылау