Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан құрамасының капитаны "Барыстан" кетті

Қазақстан құрамасының хоккейшісі, 36 жастағы Роман Страченко "Барыстан" мәскеулік "Спартак" командасына ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Роман

"Барыс" құрамында 14 маусым ойнаған соң Роман Старченко өз күшін басқа клубта сынап көрмекші. "Барыс" Романға клубтың және Қазақстанда хоккейдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар әрі қарай мансабында сәттілік тілейді", – делінген "Барыс" хоккей клубының хабарламасында. 

Қазақстан құрамасының капитаны "Барыс" сапында клуб Қазақстан хоккей лигасына қосылған уақыттан бері ойнады. 740 матчта 377 рет гол салған. Сонымен қатар Роман – Лигадағы 200 салынған шайба көрсеткішіне жеткен жетінші ойыншы. Старченко астаналық клубтағы екінші мерген екенін де естен шығармау керек. 

Роман Старченко 2004/2005 және 2006/2007 жылғы маусымдарда Қазақстан чемпионы атанған. 2013 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі атанды, түрлі чемпионаттардың жеңімпазы. 

Талқылау