Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан нешінші орынды иеленді
Юджинде (АҚШ-тың Орегон штаты) жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс қорытындысы бойынша АҚШ құрамасы медальдық есепте бірінші орынды иеленді – 33 медаль (13 алтын, 9 күміс, 11 қола). Екінші орынды эфиопиялық спортшылар – 10 (4.4.2), үшінші орынды Ямайка – 10 (2.7.1) иеленді.
Қазақстан өзге жеті елмен бірге 22-орынды бөлісті. Ұлттық құраманың қоржынында бір алтын бар. Оны 3000 метрге кедергі арқылы жүгіру жарысында Нора Джеруто жеңіп алды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

