Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада "Қаңтар" оқиғасы кезінде көз жұмғандардың туыстары марқұмдардың ақталуын талап етіп, Ақорда алдында түнеді

Қазақстанның әртүрлі қалаларында “Қаңтар” оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары Ақорда маңында түнде наразылық акциясын өткізді. Наразылық білдірушілердің арасында төрт айлық сәбиін қолына ұстаған ана да бар. Олар әділ тергеуді және марқұмдардың ақталуын талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Азаттық радиосына” сілтеме жасап. 

Сурет: rus.azattyq.org сайтынан

"Президенттің бізбен сөйлескенін қалаймыз. Өйткені прокуратурада да, басқа мекемелерде де болдық. Бірақ еш нәтиже жоқ. Енді ренішімізді тек президентке жеткізгіміз келеді", – дейді наразылық білдірушілердің бірі Арайлым Сағатбекова.

Оның айтуынша, Ақорда алдында екі түн түнегендердің кейбірі алғашқы күні жауға жаңбырдың салдарынан ауырып та қалған.

“Арамызда Әйгерім деген жас ана бар. Қолында төрт айлық баласы бар, таңнан кешке дейін бізбен бірге жүреді. Оның күйеуі қаңтар айында оққа ұшқан, Әйгерім ол кезде жүкті болған. Күйеуі үшін әділдікті талап етеді. Отбасына өтемақы да, көмек те қарастырылмаған. Алты ай бойы тергеудің нәтижесін күттік, бірақ нәтиже болмады. Жаз болсын, қыс болсын, қар немесе жаңбыр болсын, талабымыз орындалғанша осында түнейміз. Мәселелерімізді шешпей, қайтпаймыз", – деді Арайлым Сағатбекова.

Тараздық Бақытжан Шыңғысбековтің сөзінше, наразылық білдірушілердің арасында Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда, Тараз қалаларының тұрғындары бар. Сәрсенбі күні оларға тағы бірнеше қаладан қаза тапқандардың туыстары қосылуға ниетті. Наразы халық елордалықтар қолдарынан келгенше көмектесіп, ыстық тамақ пен су, жылы көрпе алып келіп жатқандарын жеткізді. 

Қазіргі таңда жиналғандарды полиция бақылауға алған. Олар азаматтарды үйлеріне қайтуға шақырды. Ал прокуратура болса 15 күн ішінде олардың талаптарына жауап беретінін мәлімдеді. 

Полиция наразылық білдірушілерді бақылайды. Олар халықты наразылықты тоқтатуға көндіруге тырысты. Прокуратура өкілдері оларға 15 күн ішінде жауап беретіндерін айтты.


Талқылау