AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлады деп айыпталған алматылық азамат 6 жылға сотталды

Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде қару ұрлығына қатысты істі қарау аяқталды. Бүгін, 11 шілдеде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "қару-жарақ ұрлады" деген күдікке ілінген Әлібек Иманбековты алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алибек Иманбеков

Дереккөз Masa.Media

Иманбековке Қылмыстық кодекстің "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" деп аталатын 291-бабы бойынша айып тағылған.

Сот анықтағандай, Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны белгісіз біреумен бірге қару-жарақ дүкеніне заңсыз кіріп, жалпы құны 204 733 теңге тұратын "Перенниа III" маркалы екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен құны 187 557 теңге тұратын "ATA ARMS" қаруын ұрлаған.



1989 жылы туған Әлібек Иманбеков болса өзінің қылмыс жасамағанын айтып, сот үкімі әділетсіз болғанын айтқан. Оның айтуынша, ол қаруды ұрламаған, керісінше тауып алып, полицейлерге тапсырмақ болған.

Алайда сотталушымен таныс куәгерлер оның тағы бір белгісіз біреумен бірге дүкенге кіріп, ұрланған қаруларды алып шығып, көлікке отырып кеткенін алға тартқан.

Прокурор тағылған айыпты қолдады. Сот ер адамды кінәлі деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр