Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш күйінде үш баланы күштеп пәтеріне кіргізіп, балтамен қорқытқан: Ақтаулық азамат үш тәулікке қамалды

Ақтауда ішімдік ішіп алып жалаңаш күйінде кәмелетке толмаған үш баланы пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқыта ер адам үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сотта анықталғандай, 10 мамыр күні сағат 14:30-да Ақтау тұрғыны 4-ықшамауданның 31-үйінің үшінші қабатының кіреберісіне мас күйінде киімсіз шығып, айналасындағыларға құрмет көрсетпегенімен қоймай, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

"Маңғыстау облысы Ақтау әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 16 мамырдағы қаулысымен айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ұсақ бұзақылық, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер). Оған үш тәулік мерзімге қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - деп хабарлады сотта.

Айта кетсек, Ақтауда ішімдік ішкен жалаңаш ер адам кәмелетке толмаған үш баланы пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқыта бастағанын жазған болатынбыз. 

Бірінші сыныпта оқитын екі қыз бен олардың досы балаларды серуендеуге шақыруды ұйғарған. Көршісінің есігін қаққанда табалдырықта жалаңаш әрі мас ер адамның тұрғанын көрген.

Балалар ер адамның оларды пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқытқанын айтты.

Талқылау