Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жалаңаш ер адам үш баланы күштеп пәтеріне кіргізіп, балтамен қорқытқан

Ақтауда ішімдік ішкен жалаңаш ер адам кәмелетке толмаған үш баланы пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқыта бастаған. Абырой болғанда, олар қашып үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

балалар

Бірінші сыныпта оқитын екі қыз бен олардың досы балаларды серуендеуге шақыруды ұйғарған. Көршісінің есігін қаққанда табалдырықта жалаңаш әрі мас ер адамның тұрғанын көрген.

Балалар ер адамның оларды пәтерге сүйреп кіргізіп, балтамен қорқытқанын айтты.

"Ол мені жұлқылап, қолымнан тарта бастады. Содан кейін тағы да кездескенше деп айтты да, саусағын мойын бойымен жүргізді, кесіп өткен секілді", – дейді зардап шеккен балалардың бірі.

Тағы бір баланың сөзінше, ер адамның бөлмесінде балта болған. Ол балаларға бөлмеде қару пен оқтардың бар екенін айтқан.



Абырой болғанда балалар қашып үлгерген. Көршілердің сөзінше, ер адам бұл үйге бір ай бұрын қоныстанған, бірақ осы аз уақытта барлығының мазасын алып, көршілердің берекесін қашырған.

"Біз бәріміз есеңгіреп қалдық. Тіпті полицейлермен өзін жөнсіз ұстады. Қорқып кеттік. Көрші алкогольді асыра пайдаланады, өте ашушаң, бұл отбасына қатысты бірінші оқиға емес. Бір көршісінің терезенін сындырып, сес көрсеткен", – деп мәлімдеді көршісі Ксения Салимова.

Ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізгенімен, бірнеше сағаттан кейін ол қайтадан үйіне оралған. Келе сала көршілеріне балағат сөздер айтқан.

Полицейлердің айтуынша, ер адамдардың әрекетінен қылмыс құрамы байқалмаған. Бірақ тәртіп сақшылары "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша хаттама толтырды.

"Хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлері келді. Аталған дерек тіркелді. Онда қылмыс құрамы болмағандықтан, материал номенклатуралық іс бойынша есептен шығарылды", – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева

Көршілері бұған дейін полицияға ондаған арыз жазған, енді прокуратураға жүгінбекші. Айтуларынша, көршісі бұрын сотты болған, екі жылдан бері наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Сонымен қатар олар ер адамның кәмелетке толмаған екі қызын медициналық тексеруден өткізуді өтініп, мектепке жүгінген.

Талқылау