AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбектің ұйқысын берсін: Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісованің кешінде заманауи бата берді 

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісованің кешінде бата берді. Көпшілік мұны заманауи бата деп қабылдаса, енді бірі ерсі деп бағалады. 

Алтынбек Қоразбаев дастархан басында ас қайырп, бата берді. Әншінің заманауи батасы өнер өкілдерін күлкіге қарық қылды. 

"Кенжебектің шашын берсін,

Мұқасанның қасын берсін.

Диета кз-тің көлемін,

Марал Әмірбектің өлеңін берсін.

Мақпалдың күлкісін,

Мейрамбектің ұйқысын берсін.

Оразаларыңыз қабыл болсын!

Қазағымыз аман болсын.

Мақпалымыздың өнері тағы бір 40 жыл жалғаса берсін", – деді Алтынбек Қоразбаев.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. 

“Батаны мыналар мазақ қылғанда жастар не істемейді. Жетіскен екенбіз”, “Тамаша әзіл! Онда трұрған не бар?”, “Мынау батамыздың түрі, тағы жастарға ренжиміз”, “Батаны осылай мазақ етуге бола ма?”, “Әзілде жатыр емес пе? Сол үшін күйіп-пісетіні несі?”, “Әзілің жарасса, атаңмен ойна деген”, – деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1 мамыр күні Алматы қаласында ән кешін өткізді. Кеште қызы Мереймен бірге ән салды. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр