Геосаяси ахуал ушыға түскен кезде БҰҰ-ның әлеуетін арттыра түсу керек – Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек деп есептейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек", – деп жазды ол Twitter парақшасында.
Қазақстан БҰҰ-ға осыдан тура 30 жыл бұрын – 1992 жылы 2 наурызда кірген.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады