AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев еліміздің бас партиясын неліктен "Аманат" деп өзгерту туралы шешім қабылдағанын түсіндірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жасыратыны жоқ, партия атауына байланысты пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен "Аманат" деген атауға тоқтадық. "Аманат” сөзі ата-бабалар өсиетін, болашақ ұрпаққа мирас ретінде қалдыру дегенді білдіреді. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым", – деді президент Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.

Тоқаев егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат екенін айтты. 

"Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа аманат етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз, міне, осы. Біз баға жетпес мұраларымызды сақтап, нығайтуымыз керек. Өткен және болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. Сондықтан мен партияны ресми түрде "Аманат" деп атауды толық қолдаймын", – деді Тоқаев.

Тоқаев партияның трансформациясы тек атауын өзгертумен ғана шектелмей, қоғамның сұранысына қарай толығымен өзгертілетінін атап өтті.

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі онлайн форматта өтуде. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарлануда.

Бұған дейін Nur Otan партиясының мәжілістегі фракция депутаттары партия атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынғанын жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр