Алматыда ер адам әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, ломбардқа өткізіп отырған (видео)
Алматыда әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, оны ломбардқа өткізіп ақша тапқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

37 жастағы қаскөй көшеде әжелерге шабуыл жасаған.
Күдіктінің кейбір қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Ер адам өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б. есімді азамат. Айтуынша, ол қарт кісілердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған", – деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Полиция ақпаратынша, күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталған. Бұл факті бойынша көп эпизодты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Ер адам қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"