Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚШҰ әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан толық шығарылды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің әскері Қазақстаннан толық кетті. Ел билігі қаңтар оқиғасына байланысты кіргізілген бітімгерлердің бірде-біреуі республика аумағында қалмағынын айтып, есеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығаруын аяқталды. Соңғы жеке құрам мен техника әуе кемесімен Алматыдан ұшып шықты. Қазір Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері – жоқ”, – дейді ҚР қорғаныс министрлігінің департамент бастығы Олжас Құсайынов.

Қазақстанда бейбіт шерулердің соңы қақтығысқа ұласқан кезде президент 5-қаңтарда төтенше жағдай жариялап, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан әскери көмек сұраған-ды. Келесі күннен бастап ұйымның екі мыңнан астам сарбазы және 250 техника ел аумағына кіргізілді. Бітімгерлер стратегиялық нысандарды күзетіп, қазақстандық күш құрылымдарының жұмысын жеңілдетті. Негізі шетелдік сарбаздарды ел аумағынан шығару 13-қаңтарда басталған болатын, бір аптаға созылған миссия бүгін толық аяқталды.
 

Талқылау