5:0 есебімен ұтты: Қазақстандық боксшы ел қоржынына екінші медаль салды
Махмұд Сабырхан Белградта қазақстандық боксшылар делегациясының қоржынына тағы бір медаль салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Оңтүстік Қазақстан облысының жас таланты бразилиялық спортшы Майкл Тринидадты 5:0 есебімен ұтты. Бұл жеңіс Махмұдқа жартылай финалға шығуға мүмкіндік берді, бұл оған осы жарыстарда медаль алуға кепілдік береді.
Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"