Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық боксшы екі дүркін Азия чемпионы (2019, 2021) Өзбекстан өкілі Нодиржон Мирзаахмедовпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жүсіпов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ол Қазақстан құрамасынан бірінші болып жартылай финалға шықты, бұл оған әлем чемпионатының жүлдесіне кепілдік береді.

Теміртас Жүсіпов – ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы.

Кейін ширек финалға шыққан ұлттық құраманың қалған өкілдері рингке шығады: Махмұд Сабырхан (54 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Раис (75 келі), Сәкен Бибосынов. (51 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) Теміржанов (57 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі).

Талқылау