Маман қандай тағамды қайта жылытып жеуге болмайтынын айтты
Диетолог Ольга Лушникова кейбір өнімдер ысытқан соң қауіпті болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Радиосына сілтеме жасап.

Маман қандай тағамды пісіре сала немесе тек суық күйінде жеуге болатынын айтты.
"Жұмыртқа, саңырауқұлақ, сарымсақ, кез келген ет, қызылша, күріш, асжапырақ сынды өнімдерді жылытуға болмайды. Олардың құрамындағы нитраттар нитрозаминге алмасады. Ал олар канцероген саналады, улы болып кетуі мүмкін", – деді Лушникова.
Бұл өнімдерді анда-санда ысытып жеуге болады. Алайда үнемі әдетке айналдыруға болмайды.
"Мысалы, піскен ет келесі күнге қалса, суық күйінде жеген жөн. Салат немесе сэндвичке қосуға болады. Пластик ыдыста ысытпау керек", – деді диетолог.
Алайда асқазан-ішек жолы сырқаты барларға суық тағам жемегені дұрыс.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі