AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог кімдерге пияз жеуге болмайтынын айтты

Канада диетологтар қауымдастығының мүшесі, диетолог дәрігер Наталья Нефедова кімдерге пияз жеуге болмайтынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап. 

Ол ағзасы пиязға төзімді емес адамдарға бұл өнімнен бас тартуы керек екенін айтады. Ушыққан ішек синдромы, гастрит, қыжыл жиі болатындар да пияз жемегені дұрыс. 

Дәрігердің айтуынша, өзінің ерекше химиялық құрамының арқасында түйінді пияз ағзадағы қабыну процесін басады. Бұдан бөлек, кейбір сырқатқа шалдыққандар үшін пайдалы. Көкеніс дәрумен, минералдар, жасұнық пен фито заттарға бай. 

"Пияз құрамында С, В дәрумендерінен бөлек антиоксидант сынды қызмет ететін флавоноидтер бар. Олар жүрек-қантамыр сырқаты, диабет, онкология сырқаттары мен ағзадағы қабыну үрдісін бәсеңдетеді. Бұған қоса, пияз иммунитетке оң әсер етеді", – дейді диетолог. 

Ал пияздың дәмі тұзды аз қолдануға мүмкіндік береді. Алайда кейін иіс болатыны белгілі. Бірақ ол иіс ауыздан емес, теріден сезіледі. Өйткені ағзадағы заттар терідегі ұсақ тесіктер арқылы шығады. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр