Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында қатты ыстық күтіледі
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 3-5 тамыздағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің батыс пен оңтүстік аймағында қатты ыстық болады.
“Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Онда әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел күшейеді және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: күндіз
солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°С-қа дейін”, – деп мәлімдеді синоптиктер.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”