AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Міндетті вакцинация қазақстандықтардың құқығын шектей ме? Әділет министрлігі түсіндірді

ҚР әділет министрлігі COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялау міндеттілігінің құқықтық негізі туралы түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина Министрлік, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы Кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі – профилактикалық екпелер екенін алға тартады.

"Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға міндетті (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), олардың қатарына КВИ-ға қарсы профилактикалық екпе де жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес)", – делінген ведомство хабарламасында.



Осылайша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін КВИ-ға қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар және бұл "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" деген конституциялық нормаға сәйкес келеді (Конституцияның 31-бабы) дейді министрлік өкілдері.

"Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, ҚР Конституциясы мұндай шектеудің жол берілетін шектерін белгілей отырып, оларды шектеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана құқықтар мен бостандықтар шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы)", – деп қосты олар.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай тұрғындары міндетті вакцинацияға қарсы митингке шыққаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр