Дельта штаммына қарсы Қазақстандағы вакциналардың қайсысы тиімді? Отандық маман жауап берді
Коронавирустың дельта нұсқасымен қай вакцина тиімді күреседі? 31 арнаның “Информбюро” қызметі осы мәселе бойынша нейрохирург-дәрігер Мыңжылқы Бердіходжаевтың пікірін білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналист Қазақстанда қазір қолданысқа ие Sputnik V, Qazvac, Hayat-Vac, Corona-Vac вакциналарының ішінде коронавирустың дельта штаммымен қайсысы тиімді күресетінін сұрады.
“Мен былай айтар едім осы уақытқа дейін тек Pfizer вакцинасын салғызған Израйль халқының көп бөлігі вакцина алғанына қарамастан қайтадан бетперде киіп, карантин шараларын қолдана бастады. Біздің халық Pfizer және Moderna вакциналарын салғызғысы келген. Айта кетсек, біз коронавирустың “дельта” штаммымен енді-енді ғана танысып жатырмыз. Олардың айтуынша, белсенді емес және Sputnik V және Qaz-Vac сияқты векторлық вакциналар дельта нұсқасына тиімді.
Осы уақытқа дейінгі болған штаммдардан үнді штаммының айырмашылығы 3 есе адамға тез жұғуында және инфекцияның залалы ауыр тиеді. Сондай-ақ халық арасында тез таралады”, – дейді Бердіходжаев.
- Жалған вакцинация төлқұжатын жасатқан қазақстандықтар қандай жазаға кесіледі
- Қазақстанда вакцинация төлқұжатын қалай алуға болады - Нұсқаулық
Сондай-ақ дәрігер “Ресейде қыста вакцина алғандарға қайта екпе салу ұсынылуда. Осыған қалай қарайсыз” деген сауалға жауап берді.
“Біз бұндай ұсынысты Sputnik V әзірлеушілерінен естіген болатынбыз. Бірақ мен осы уақытқа дейін вакцинаның 3-4 дозасын алды деген адамды естімедім. Әлемде 3-4 дозаны алды деген дәлелді деректер жоқ. Сондықтан әзірге ажиотаж шығарудың керегі жоқ деп ойлаймын.
Негізінде бізде қазіргі таңда таңдау көп. Hayat-Vac және Сorona-Vac вакциналары 1 миллиардтан астам халыққа салынып өзінің қауіпсіздігін көрсеткен болатын. Тиімділігін уақыт көрсетеді. Сондай-ақ өзіміздің Qaz-Vac және Sputnik V вакциналары да өзінің тиімділігін танытуда. Вакцинадан кейін жаппай өлім байқамадық”, – дейді маман.