AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған вакцинация төлқұжатын жасатқан қазақстандықтар қандай жазаға кесіледі

Вакцинация төлқұжатын қолдан жасағаны үшін қазақстандықтарға қылмыстық жаза қолданылады. ІІМ құқық бұзушыларды қалай жазалайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кісен

Мұндай бұзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 385-бабында –  "жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" қарастырылған.

"Заң шығарушы қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түрі үшін 2 000 АЕК (5,8 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстық жауапкершілікті белгіледі", – деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.

Егер бұзушылық жыл ішінде қайталап анықталса, сондай-ақ адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасаса, айыппұл 4 000 АЕК-ке (11,6 миллион теңге) дейін өседі. Тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация төлқұжатын қолданатындар үшін де жаза қарастырылған.

"Жалған вакцинация төлқұжатын қолдану 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға құқығы бар", – деді ІІМ-де.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр