Көлгінов Абу-Даби плаза құрылысы қашан аяқталатынын айтты
Нұр-Сұлтанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте қала әкімі Алтай Көлгіновке “Абу-Даби” көп функционалды кешені биыл жұмысын аяқтай ма?” деген сауал қойылды.

Әкімнің айтуынша, құрылыстың аяқталуына пандемия кедергі келтіруде.
“Негізі биыл аяқталу жоспары бекітілген. Бірақ пандемия өзінің септігін тигізді. Ғимарат ішіндегі көптеген құралдар шетелден әкелінеді. Ол 77 метрлік биік ғимарат. Құрылыстың жоғарғы жағын істейтін мамандар да шетелден келеді. Қазір олар жоқ. Сондықтан ішкі нарықтағы Қазақстандық мамандарды қарап жатырмыз. Біріккен Араб әмірлігінің инвесторлары жұмысты жүргізіп жатыр. Бірақ тиісті қарқынмен жұмыс істеуге пандемия кедергі келтіруде. Нақты аяқтау мерзімі белгісіз. Астындағы Абу-Даби Плаза ашылды. Енді тек жоғарғы жағын бітіру керек”, – деді Көлгінов.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”