Келесі аптада вакцина салдырғандар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келесі аптада барлық вакциналанған қазақстандықтарға Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебе берілетінін айтты, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Келесі аптаның басында бізде барлық вакцинацияланған адамдар Ashyq қосымшасында “жасыл” мәртебеге ие болады деген жоспар бар", – деді Мусин ОКҚ онлайн брифингінде.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр.
Бұған дейін қазақстандықтар коронавирустық вакцинаның екінші дозасын қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде "жасыл" мәртебеге ие болады деп хабарланған болатын. Вакцинация жүйелері мен Ashyq интеграциясын 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген