Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық азамат Ashyq қосымшасы үшін әуежай қызметкерін ұрып тастады

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында белгісіз адам қызметкерді ұрып, қымбат жол талғамайтын көлікпен қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаға қатысты "Нұр-Сұлтан" әуежайының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Белгілі болғандай, оқиға 19 мамырда болған. Қызметкерді ұрып тастаған ер адам Ashyq жүйесі арқылы әуежай ғимаратына кіруден бас тартқан. Нәтижесінде ер адам әуежайға кіруге рұқсат бермеген қызметкерді соққыға жыққан. 

"Ол әуежайға Ashyq жүйесін қолданбай, айналып кірмек болған. Тәртіпке бағынғысы келмеген ер адамды авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкері тоқтатқан. Ер адам қызметкерге қол көтерген. Содан кейін ол көлігіне отырып, кетіп қалған. Әуежай қызметкерлері саптық полиция бөліміне жүгінген. Көп ұзамай құқық бұзушы табылды ", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 



Ер адам ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Әуежайдың баспасөз қызметі ғимаратқа қарсы алушылар, шығарып салушылар мен барлық жолаушыларға кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асатынын еске салады.

"Түсініспеушіліктер мен жанжалды жағдайларды болдырмау үшін қосымшаны алдын-ала жүктеп алып, мәртебеңізді Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының сайтындағы QR код арқылы біліп алыңыз”, - деп хабарлады әуедайдың баспасөз қызметі. 

Талқылау