"Жасырынуға тырысты": Нұр-Сұлтанда шенеуніктің ұлы жасөспірімді қағып кетті

Қазақстандық әйел Нұр-Сұлтанда шенеуніктің баласымен болған жазатайым оқиға туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сара Бакирова Facebook парақшасында 21 жастағы жүргізушінің жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткеніне куә болғанын айтты.

"Жай ғана жасырынып қоймай, фитнес-орталықтың жанында тоқтап,  спортпен шұғылдануды жоспарлады. Бақытымызға орай, жақын жерде болған тағы бір қыз екеуміз жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық", - деп жазды ол.

Оның сөзінше, VIPнөмірі бар су жаңа 70-тің капотына соғылған 2004 жылы туылған бала қатты қорыққан және "травмадан кейінгі шок жағдайында болған".

Әйел жасөспірімді қағып кеткен көлікті жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы айдағанын жазды. Оның сөзіне қарағанда, жігіт өзін дөрек ұстап, тоқтаусыз біреуге қоңырау шалған. Тіпті тәртіп сақшыларының жанында де именбей, олардың жұмысына кедергі келтірген. 

Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Биылғы 30 сәуірде сағат 15:13-те Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі Түркістан көшесімен Сығанақ көшесі жағынан келе жатып, 2004 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Аталған факті бойынша жол апатына 21 жастағы кінәлі анықталды. Жәбірленушінің алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады", - деп хабарлады полициядан.

Іс Нұр-Сұлтан полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр