Қазақстандық азаматты Ashyq қосымшасында 2026 жастағы әйел деп тіркеп жіберген
Алматы тұрғыны Ashyq қосымшасында 2026 жастағы әйел ретінде тіркелгенін білді. Ер адам COVID-19 бойынша мәртебесін тексерген кезде осындай қателікті көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Седред Асретов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Сіздер менің жалмауыз екенімді білдіңіздер ме?
Ал шындығында бұл екі ойға итермелейді: кезекті қате мен қосымшаның өзіндегі ақаулар немесе жеке деректер провайдеріндегі кейбір қиындықтар", - деді Седред Асретов.
Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әлі күнге дейін оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Дегенмен қателіктің себебі неде екенін анықтауға уәде берді.
Еске сала кетейік, Ashyq қосымшасы кафе, спортзал және бизнес орталықтарына кіру кезінде керек. Бұл жобаны сынға алатындар көп. Бірнеше айдан бері Ashyq қосымшасына қатысты түрлі дау шығып жатыр.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"