Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында әйел мен оның төрт баласы көз жұмды

Бүгін Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: төрт баланың анасы балаларымен көз жұмды. 41 жастағы анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалар улы иіске уланып мерт болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың әкесі кәсіпкерлікпен айналысқандықтан, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған.

Полиция Департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі, облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиға орнына барды. Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.



Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Талқылау