Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі парламенттік сайлау: Алматыда заңсыз митингтер өтуде (фото)

Алматыда парламенттік сайлау кезінде рұқсат етілмеген митингтер өтуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматының Республика алаңындағы "Тәуелсіздік" монументінің жанында заңсыз митингтер өтуде. Stan.kz тілшісінің мәліметінше, митингке келгендер екі топқа бөлініпті. Бірі ел аумағында тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясының жақтастары болса, екіншілері аталмыш партияға қарсы ойын білдірушілер. Наразылық акциясына келгендердің арасында қоғам белсендісі Жанболат Мамай да бар. 


Тоқаев парламенттік сайлаудан кейінгі ықтимал наразылықтар туралы айтты


"Сайлауға бармаймыз, сайлауға байкот жариялау керек. Сайлау әділетсіз түрде өтуде", - дейді митингке келгендер. 

Митинг өтіп жатқан алаңда мобильді интернет жоқ, байланыс жүйесінде ақау байқалады. 

Stan.kz тілшісі арнайы жасақтың митингке келгендерді біртіндеп ұстап әкетіп бара жатқанын жеткізді.

 

Талқылау