Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді жақсы сезінемін": Дәрігер ағзасында қандай өзгерістер болатынын білу үшін 5 жыл жуынбай жүрген

Джеймс Хэмблин есімді дәрігер бес жыл бойы жуынбай жүрсе де, өзін жақсы сезінетінін айтады. Жас профессор суды пайдалану ағзадағы ішкі экожүйелерге зиянын келтіретіні жайлы зерттеулер жүргізген. Алайда ол тұтынушыларды сабын қолданбауға шақырмайтынын, барлығы тек адамның ыңғайына қарай жасалуы керектігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

"Бұл нәрсеге уақыт өте келе үйренесің және ол қалыпты болып кетеді", - дейді алдын алу медицинасына мамандандырылған Йель Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 37 жастағы профессоры. 

Дәрігердің "Жуынбайтын болдым, бірақ өмірім жалғасуда" атты мақаласы Atlantic америкалық журналында жарияланған.

"Біз душ, ваннаға түсуге өміріміздің екі жылын құртады екенбіз. Сонда қанша уақытымыз, одан бөлек,  су, ақша тектен тек далаға кетіп жатыр?", - деп жазады ол журналда. 

Алайда дәрігер қолды сабындап жууды тоқтатуға шақырмайды, тек дененің басқа бөліктерін жуу қатты маңызды емес екенін айтады. 

Оның жуынудан бас тарту жайлы шешімі тәжірибе жасау барысында қабылданған.

"Қандай өзгеріс болатынын байқап көргім келді. Өте сирек жуынатын адамдарды білемін, сондықтан өз басымнан да осыны өткеріп, нәтижесі қандай болатынын байқағым келді", - дейді ол.


Бет пен денені жасартатын әдіс белгілі болды 


Жуынбай жүру адам денесіне қалай әсер етеді?

Дәрігер уақыт өте келе денеңіз жуынбайтыныңызға үйреніп кетеді дейді. 

"Сабын немесе дезодорант қолдандабағаннан қатты иіс шықпайды, теріңіз майланып кетпейді. Көп адам шашын сусабынмен майды алу үшін жуады, содан кейін қолдан жасалған майды сіңіру үшін кондиционер пайдаланады. Бірақ егер бұл циклді бұзсаңыз, шашыңыз олардың ешқайсысын қолданбаған кездегідей қалыпқа түседі", - дейді Хэмблин. 

Джеймс Хэмблиннің айтуынша, бұл уақыт өте келе сезілетін процесс. 

Ол сабын қолдануды, дезодорнат пен сусабын пайдалануды бірте-бірте азайтқан. Күн сайын душқа түсудің орнына үш күнде бір рет түскен, кейін мүлдем жуынудан бас тартқан. 

"Жәй ғана суға түсуді сағынғандықтан суға түскім келетін, иісім нашар, өзімді лас сезіндім. Бірақ уақыт өте келе бұл сезім жойылды", - дейді ол. 



Суды неғұрлым аз пайдалансаңыз, соғұрлым аз қажет етесіз

Айтуынша, адам ағзасы суды неғұрлым аз пайдаланған сайын, оны соғұрлым аз қажет етеді. 

Американдық ғалым дененің иісін теріде өмір сүретін және терімен, басқа секрециялармен қоректенетін бактериялар қалыптастырады, дейді.

"Душ қабылдау кезінде сіз бүкіл экожүйелерге зиян келтіресіз", - деп жазды ол 2016 жылы өзінің мақаласында.

"Егер сіз жуынбасаңыз, экожүйелердің өзін-өзі реттеу процесі басталады, олар тұрақтандырылады, осылайша, жағымсыз иісті тежейді. Әрине, сізден хош иіс шықпаса да,  қарапайым адамның иісі шығады", - дейді Хэмблин.

Айтуынша, өзінен нашар иіс шыққан жағдайда ол мұны достары мен таныстары арқылы біле алады. Себебі ол жақындарымен келіскен: олар дәрігерге үстінен нашар иіс шықса, ескертеді. Енді Хэмблин ағзасының балансын осылайша қалыпта ұстайды. Сондай-ақ, оның әйелі күйеуінің жаңа иісін ұнататын көрінеді. 

Хэмблин өзінің кітабында адамдар душ пен ваннаға түсуді шектен тыс пайдаланады деген тұжырымға келеді. Егер біз аз жуынсақ, бұл бізге пайдалы болар еді, дейді ол.

Өз кітабында дәрігер денеге күтім жасауға арналған әртүрлі препараттар өндіретін индустрияға қатысты теріс пікір білдіреді. 

Оның айтуынша, бұл сала өнімдері адамның мәселелерін толықтай шешпейді. Кейбір препараттар өте тиімді болуы мүмкін, бірақ терінің денсаулығы біздің өмір салтымыздың көрінісі және ағзада не болып жатқанын көрсетеді.

Бұл әдіс - бәріне сәйкес келмейді

Дәлелдердің бірі ретінде ол жуыну кезінде теріміздегі микробтардың құрамындағы өзгерістерді жеткілікті зерттемегенімізді айтады.

"Ішектегі бактериялардың ас қорыту үшін қандай маңызы болса, біздің терімізде өмір сүретін бактериялар денсаулығымыз бен сыртқы келбетіміз үшін маңызды. Бактериялар жайлы адамдардың пікірі нашар, бірақ соңғы 10 жылда ДНҚ-ны ретке келтіру технологиясының арқасында біз бактериялардың барлық жерде болатынын және зияны жоқ екенін білдік", - деп атап өтті Хэмблин.

Дәрігердің өзі ешкімге ненің жақсы, ненің жаман екенін дәлелдегісі келмейді, оның көзқарасы барлық адамға бірдей сәйкес келмейтінін айтады.

"Бірақ теріге қатысты проблемалары бар адамдарға жай ғана сирек жуынып көруге кеңес берер едім. Өзіңізге ыңғайлы болатындай, сусабынды немесе сабынды азырақ қолданып көруге болады. Душқа түсу уақытын қысқартып немесе оны қабылдауды сиретуіңізге болады. Түбегейлі өзгерістер жасау қажет емес", - дейді дәрігер.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр