Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

80 жастағы әжей 35 жастағы жігітке тұрмысқа шығып, ислам дінін қабылдады

80 жастағы британдық әйел 35 жастағы сүйіктісіне үйленді. Ерлі-зайыпты ел алдында төсек қатынасы туралы айтып мақтанды.

Ұлыбританияның Соммерсет патшалығындағы Айрис Джонс мысырлық сүйіктісі Мұхаммед Ахмед Ибрахимге тұрмысқа шықты. Олар телешоуда қонақ болған соң бүкіл Ұлыбританияға танымал  болды. 

Ерлі-зайыпты 2019 жылы желіде танысып, сөйлесе бастады. Содан кейін британдық әйел Каирге сүйіктісіне ұшып келді. Эфирде олар төсектегі қарым-қатынасын айтып, жыныстық өмірінің егжей-тегжейін ашты. Көпшілік оларды сынға алып, енді бірі таңғалып жатыр. 

Қазір 80 жастағы Джонс пен 35 жастағы Мұхаммедтің үйленгені хабарланды. Сүйіктісі үшін британдық әйел ислам дінін қабылдады. Күйеуі махаббат үшін қосылдық деп ақталды.

«Мен оның азаматтығын немесе оның ақшасын қаламаймын. Мен өз өміріме ризамын, жұмыс істеймін және Аллаға шүкір, менің жеке жинаған ақшам бар», - деді Ибрихам.

Ибрахим махаббаттың соқыр екенін және оның жары өз анасынан 20 жас үлкен болғаны да кедергі емес екенін атап өтті. 

Ибрахим дәнекерлеу инспекторы болып жұмыс істеген. Ол сүйіктісіне көбірек уақыт бөлу үшін жұмысын тастады. Ол үш бөлмелі үйде екі інісімен, екі әпкесімен тұрады. Әйелінің жеке үйі бар және әр апта сайын мүгедектік бойынша зейнетақы алады. Джонс бұрын тұрмыста болған, бірақ 40 жыл бұрын ажырасып кеткен екен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр