Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің орнына әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA нұсқасы бойынша әлемнің қазіргі чемпионымен кездесуі мүмкін.

Бұл туралы Asian Boxing басылымының Твиттер-аккаунтында хабарланды.
Бұл жайт Дүниежүзілік бокс қауымдастығының орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы, жапондық Риота Мурата туралы. Бұрын ол Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы ретінде қарастырылатын. Титулдық жекпе-жек келесі жылы өтеді деп күтілуде.
Айта кету керек, отандасымыз соңғы рет 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориамен кездесті. Жекпе-жек тек екі раундқа созылды. Жәнібек қарсыласын нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша үздік үш боксшының қатарына енді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі