Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ".  Борат фильміне қатысты үкімет пікір білдірді

Борат фильмінің екінші бөлімінің трейлерін «Амазон прайм видео» стримингтік сервисі оны ютуб желісінде жариялаған. Ал фильм тұсаукесерін олар 23-қазанда интернетте өткізбек. Қазақстан атын теріс жағынан көрсететін сайқымазақ Боратты отандық режиссерлер мүлде көрсетпеуді, басты рөлді сомдайтын Саша Барон Коэнді сотқа беруді талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

«Арнайы хабарландыру» деген қазақ қаріпімен басталатын трейлер Қазақстанның Ақпарат министрлігінің атын жамылған.

Британдық актер елтаңбаны да, «соңғы жаңалықтар» деген титрды да тауып, фильмге қосқан. Бұл жолы оқиға желісі Бораттың АҚШ-қа барып, президент сайлауы науқанында саяси өмірді зерттеуінің аясында өрбиді. Режиссер Еркін Рақышев сайқымазақ Бораттың бұлай тайраңдауына Үкімет деңгейінде тыйым салу керек дейді.

"Біздің үкімет, сыртқы істер министрлігі бар басқа да құзырлы органдар бар, қатаң түрде талап ету керек жаңағыны шығарған режиссердан да, киностудиядан да сол мемлекеттен де керек болса, себебі, барлық әлемдік қауымдастықтардың алдында заңдар бар, бір ұлтқа екінші ұлттың арына, намысына тиюге болмайды", - режиссер Еркін Рақышев.

Кинотеатрда фильмнің шығуына жолдама беретін мәдениет министрілігі Борат бұл жолы да отандық прокатқа шықпайды дейді. Дей тұрғанмен екінші бөлімінің Қазақстанға тікелей қатысы жоқ деп ақтағандай да болды.


Бораттың киімін киіп Головкиннің намысына тиген боксшы қарсыласынан жеңіліп қалды 


"Бұл комедия жанрында және Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ болғандықтан, тек қана атауы ғана кейбір кезде Қазақстан деген атауды қолданады бірінші фильмді көрген кезде. Жалпы, бұқаралық халыққа аса бір көңіл күйіне алмауына және де бір болады деп ойлаймын. Өйткені, бұл Қазақстанға жалпы қатысы жоқ", - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратов.

"Тек кино шыққаннан кейін ғана біздің жалпы министрліктің белгілі бір сараптамасынан өтетін жоспар бар. Енді сол кезде көрінетін болады. Егер ол кино белгілі бір нормаларды бұзатын болса, біздің құзыретімізде, Қазақстан территориясында біздің заңнаманы бұзатын контент жабылатын болады", - дейді Максим Рожин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің ресми өкілі.

Бірақ Еркін Рақышевтің сайқымазақ фильмнің мазмұнын талдап отыратын ниеті де, уақыты да жоқ. Боратқа ашуы қара қазандай режиссер оларды осылай қорлайтын кино түсіруге бел буған.

" Боратымен қорлап, мазақтап, ақымақ қылып кино түсіремін қарсы. Онан кейін жаңағы мен айтқандай жүрсін өмір бойы боқтан тазалана алмай. Басқа мен білмеймін бұл оңбағандармен күресу керек екенін", - дейді режиссер Еркін Рақышев.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар "Борат-2" фильмінің шығуына жаппай наразылық білдіріп, #CancelBorat хэштегін жасады деп хабарлаған едік.

 

Талқылау