Бораттың киімін киіп Головкиннің намысына тиген боксшы қарсыласынан жеңіліп қалды
Golden Boy Promotions боксшысы мексикалық Хайме Мунгия орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: boxingscene.com
23 жастағы боксшының қарсыласы 35 жастағы ирландиялық Гэри О'Салливан болды. Олардың жекпе-жегі америкалық Сан-Антонионың Alamodome аренасында өткен кештің басты кездесуі болды.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11-шісінде техникалық нокаутпен аяқталды. Бұған дейін 6 және 7-раундтарда рефери екі рет жекпе-жекті тоқтатқан болатын, алайда ирландиялық бәрібір де шаршы алаңға оралуды жөн көрді.
Бұл мексикалықтың 35-ші, ал кәсіби карьерасында 28-жеңісі болды. О'Салливан 2016 жылы бораттың костюмін киіп алып, Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту