"Барлығы да марқұмның туыстары": Ақтауда жерлеу рәсіміне жиналған жұрт жайлы ПД түсініктеме берді
Ақтауда елдегі қатаң карантинді ескерместен жүздеген адамдар Маңғыстау облыстық ПД-нің бұрынғы басшысының анасын ақтық сапарға шығарып салуға жиналған. Қазіргі таңда марқұмның туыстары жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Кейіннен аймақтың полиция өкілдері марқұмның туыстарының үстінен әкімшілік іс толтырылғанын мәлім етті. Олар 30 АЕК, яғни 83 340 теңгелік айыппұл арқалаған.
"Аталған оқиға бойынша іс Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау органдарына жіберілді. Марқұмның туыстарының сөзінше, жиналғандардың көбі олардың туыстары. Әлеуметтік арақашықтық сақталып, барлығы да маска киген", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының ПД өкілдері.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"